Павлодар өңірінде сайлау бойынша заң бұзу деректері тіркелмеген. Бұл жөнінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның кандидаты Нұрлан Әуесбаевтың аймақтағы сенімді өкілі Ажар Сағындықова айтты. Президенттікке кандидаттың дәл осы облыста 100-ге тарта сенімді өкілдері мен арнайы дайындықтан өткен байқаушылары жұмыс істеп жатыр. Олар бірнеше жедел топ құрып, өңірдегі 528 учаскенің 3-тен бірінде болған.
Ажар Сағындықова, Президенттікке кандидат Н.Әуесбаевтың сенімді өкілі:Күрделі мәселелер жоқ. Кейбір адамдар тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеуге тұрмаған. Оларды бұрынғы тұрған аумақтарындағы учаскелерге немесе мобилді халыққа қызмет көрсету орталықтарына бағыттап, дауыс берулеріне мүмкіндік жасап жатыр. Комиссия мүшелерінің жұмысы жылдам әрі нақты. Біздің тарапымыздан әзірге ешқандай наразылық, шағым жоқ.
Болат Аманбаев