Тараз бен Өскеменде сайлаушылардың белсенділігі жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараз бен Өскеменде сайлаушылардың белсенділігі жоғары

20.11.2022

Әулиеаталықтар мұндай маңызды іс-шараларда үнемі белсенділік танытып келеді. Біз байқап отырмыз келген сайлаушылардың да көңіл-күйі керемет. Учаске де талап пен тәртіп қатаң сақталған. Жалпы бүгін Жамбыл облысында 716 610 адам сайлауға қатысады деп есептелген. Қазір облыс бойынша 4000-ға тарта сайлау учаскелерінің мүшелері, 1479 байқаушы қатысса, олардың 30-дан астамы шетел азаматтары. Тараз қаласы мен аудандарда 11 CALL – орталығы құрылған. Сондай ақ, тұрғындардың тіркеуін анықтайтын 256 онлайн-сервис жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік біз Тараз қаласындағы №50-ші сайлау учаскесінде тұрмыз. 3 сағат ішінде 200-ден (шамамен) аса адам келіп таңдау жасап үлгерген. Комиссия мүшелері қарттар мен алғаш дауыс беруге қатысқан тұрғындарға арнайы сыйлақтар табыстап жатыр. Жалпы қорыта айтқанда маңызды шарада, мерекелік көңіл күй сезіледі.


Хабарламаларға жазылу