Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин дауыс берді

20.11.2022

Бүгінгі саяси науқан – еліміздің болашақ даму бағдарын анықтайды. Астанадағы нөмірі 111-ші сайлау учаскесінде балаларымен бірге дауыс берген Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деді. Оның айтуынша, осы Президент сайлауына ел тұрғындарымен бірге, халықаралық қауымдастық та ерекше ықылыс білдіріп отыр. Ол алдағы уақытта қоғам күтіп отырған ауқымды саяси әрі әлеуметтік-экономикалық реформалар жүзеге асады деп есептейді.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:

Елімізге қазір 600-ден астам халықаралық байқаушылар келіп жатыр. Сонымен бірге мыңдаған отандық бақылаушылар қатысуда. Жаңа да көріп отырмын сайлау учаскесінде. Сонықтан бұл биылғы сайлау науқанындағы өте үлкен қоғамдық белсенділікті аңғартады.


Хабарламаларға жазылу