Шығыс Қазақстанда 500 мыңнан аса сайлаушы өз таңдауын жасайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда 500 мыңнан аса сайлаушы өз таңдауын жасайды

20.11.2022

Cағат жетіден бері Өскемендіктер учаскелерге келіп жатыр. Қоғамдық ұйымдардың байқаушылары мен саяси додаға түсіп жатқан кандидаттардың сенімді өкілдері сайлаудың барысын бақылап отыр. Жалпы өңірде 537 сайлау учаскесі құрылған. Оның 37-сі азаматтардың уақытша тұрғылықты жері бойынша дауыс беруге арналған. Сонымен қатар 800-ге жуық тұрғын өз таңдауын жасауға құқық беретін есептен шығару куәлігін алған. Жүріп-тұра алмайтын азаматтар үшін көшпелі дауыс беру жәшіктері дайындалды. Президент сайлауының қалай өткенін бақылау үшін өңірге Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен ТМД байқаушылар ұйымынан бірнеше өкіл келді.    

Қуаныш Жүнісов, cайлаушы:

Барлық өзі негізі барлық сайлауларға қатысуға тырысам.Өзім дәрігер болып істеймін. Ары қарай жұмысыма барамын. Мен өзім 7 де бірінші болып дауыс бердім. Міне 7 ден үш минут кетті. Халық қандай көп. Осыдан ақ халықтың белсенділігін көруге болады

Хабарламаларға жазылу