Батыс аймақтарда дауыс беру 1 сағаттан соң басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс аймақтарда дауыс беру 1 сағаттан соң басталады

20.11.2022

Еліміздің батыс аймағында дауыс беру бір сағаттан соң басталатынын айттық. Қазір төрт облыстағы сайлау учаскелері саяси науқанға сақадай сай тұр. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысында 505 сайлау учаскесі бар. Онда 447 мыңнан астам дауыс беруші өз таңдауын жасауы тиіс.

Ал Ақтөбе облысында 531 сайлау комиссиясы бар. Барлығы 560 мыңнан астам дауыс беруші азаматтың тізімі жасалған.

Атырау атырабында 261 учаскелік сайлау комиссиясы тіркелген. 410 мыңға жуық адам дауыс беру құқығына ие.

Маңғыстау өңірінде 243 сайлау учаскесі жұмыс істейді. 411 мың азамат  бұл сайлауда өз таңдауын жасамақ.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу