Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкіметте Экономиканы де-монополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиында теміржол инфрақұрылымының, жылу энергетикалық кешеннің кейбір активтерін, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының қызметімен байланысты бірқатар кәсіпорындарды мемлекет меншігіне беру мәселелері қаралды.