Ел тыныштығын бұзуға тырысқандар жауапқа тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел тыныштығын бұзуға тырысқандар жауапқа тартылады

18.11.2022

Әлеуметтік желілерде сот тыйым салған ұйымның 20 қарашада заңсыз митингілерді өткізуге шақырулары тарауда. Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев осыған байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Ол терроризмді немесе зорлық-зомбылық экстремизмді насихаттайтын осындай ұйымдардың кез-келген қызметіне тыйым салынғанын ескертті.

Құқық қорғау органдары ел тыныштығын бұзуға тырысқан азаматтарға заңда көзделген бар шараларды қабылдайды деді. Сондықтан кез-келген құқық бұзушылықтардың жолы кесіледі.  

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу