Петропавлда техникалық қызмет көрсету орталығында болған жарылыстан жарақат алған 5 адам ауруханада емделіп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы орташа ауыр. Қалған төртеуіне алғашқы медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.
Естеріңізге сала кетсек, кеше кешке техникалық қызмет көрсету орталығында жарылыс болып, соңы өртке ұласқан. Ғимараттың қабырғалары құлап, терезелері сынған. 10 авто көлік зақымданған. Өрт 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Алдын-ала болжам бойынша, көліктердің біріне орнатылған газ құрылғысы жарылған. Апат себебі анықталуда. Аталған дерек бойынша полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Эльмира Каленова