«Прокуратура туралы» конституциялық заң күшіне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Прокуратура туралы» конституциялық заң күшіне енді

17.11.2022

Бүгін елімізде «Прокуратура туралы» конституциялық заң күшіне енді. Жаңа құжаттың азаматтарды және олардың өмірі мен бостандығы, құқықтарын мемлекеттің жоғары құндылығы ретінде қорғауға, сондай-ақ заңның үстемдігін қамтамасыз етуге негіз болмақ.

Жаңа құжатта еліміздегі заңдардың пәрменді құралдары мен қадағалаудың тетіктері айқындалды. Осыған сәйкес енді бас прокуратура қабалданғалы жатқан заңдар, құқықтық нормативтік актілер, кодекстер, халықаралық шарттардың Ата Заңға сәйкестігі туралы өз ұсыныстарымен сотқа жүгіне алады.

Нұржан Сейдалиев, Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары:
Мысалы прокурорлық актілерге наразылық, санкция, нұсқау, ұсыну немесе басқа да құқықтық актілерде қайшылық болған жағдайда прокурор сотқа күшін жоюға талап арыз бере алады.

Сондай-ақ жаңа заңда қадағалау мен ден қою актілері нақтыланды. Мәселен бұған дейін әкім орынбасарларының, басқарма басшыларының жауапкершілігін қарау әкімге тапсырылғанымен, көбіне олардан төмен тұрған қызметкерлерге шара қолданылатын. Енді қадағалау актісінде олардың нақты аты-жөні, лауазымы көрсетіледі.

Нұржан Сейдалиев, Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары:
Нақты мемлекеттік орган лауазымының аты-жөнін көрсете отырып сол азаматты жауапкершілігін қарау жөнінде қадағалау актісін енгізген жағдайда мемлекеттік органның лауазым иесі оның жауапкершілігін қарауға міндетті.

Егер жергілікті билік басындағылар прокурорлық актіні дұрыс орындамаса немесе белгіленген мерзімінде жүзеге аспаса конституциялық заңда әкімшілік құқық бұзушылық туралы шара көзделген. Ол туралы прокурорлар бұрынғыдай наразылық келтірмейді, өтініш хат береді.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу