Нидерланды соты 2014 жылы Украинаның Донбасс аймағына құлаған ұшаққа қатысты үкім жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерланды соты 2014 жылы Украинаның Донбасс аймағына құлаған ұшаққа қатысты үкім жариялайды

17.11.2022

Бүгін Нидерланды соты 2014 жылы Украинаның Донбасс аймағына құлаған ұшаққа қатысты үкім жариялайды. Сол жылы шілденің 14-де Амстердамнан Куала-Лумпурға аттанған малайзиялық «Боинг» атып түсіріліп, 298 адам қаза тапты.

Тергеушілердің пікірінше, әуе лайнеріне Ресейден әкелінген «Бук» зымыран кешенімен соққы берілген. Және де алғашында ресейшіл сепаратистер украиналық әскери ұшақты құлаттық деп қуанды деген мәлімет бар. Алайда, Мәскеу бұның бәрін жоққа шығарып, ұшақты Украина армиясы атқанын алға тартып отыр. Дегенмен, Ресей арада сегіз жылдан астам уақыт өтсе де, бұл версияға әлі ешқандай дәлел келтірген жоқ.

Қазір голландиялық прокурорлар осы трагедияға байланысты үш ресейлік пен оларға көмектескен бір украиналыққа өмір-бақи түрме жазасын беруді талап етіп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу