Талдықорғанда ІТ жобалар бір жүйеге топтастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда ІТ жобалар бір жүйеге топтастырылды

17.11.2022

Талдықорғанда өңірдің ІТ жобаларын жүйелейтін ортақ хаб құрылды. Astana hub халықаралық технопаркімен бірлесе «Стартап Орда» инкубациялық бағдарламасы қолға алынды. Бұл жоба өңірде ІТ бизнес саласын дамытып, инновациялық технологиялар негізінде кәсібін ашқысы келетін жастарды біріктіруді көздейді. Сондай-ақ оларға қайтарымсыз гранттар ұсынып, бизнес идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Өңірлік байқауларда топ жарған жоба авторларына 5 млн теңгеге дейін грант беріп қолдау көрсетілмек. Ал ауқымды жобаларға инновацияларды дамыту бойынша ұлттық агенттік өкілдерінің гранттары ұсынылмақ.

Шынасыл Ерназар, «Qazinnovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Инновациялық жобаны жүзеге асыру үшін 20 млн теңгеге дейін қайтарымсыз грант қарастырылған. Егер жоба жүзеге асып, сұранысқа ие болса, біз одан ары қарай қаржыландырып, бизнес идеяны нарыққа шыққанша қолдау көрсетеміз.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу