АҚШ-та республикалықтар Конгресстің төменгі палатасын бақылауға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та республикалықтар Конгресстің төменгі палатасын бақылауға алды

17.11.2022

АҚШ-та республикалықтар Конгресстің төменгі палатасын бақылауға алды. Өйткені олар аралық сайлау нәтижесінде 435 мандаттың кемінде 218-ін иеленген. Ал демократтарға 211 орын бұйырды. Дегенмен демократтар Сенат үшін бәсекеде бір дауыс артық жинап жеңіске жетті.

Сондықтан республикалықтардың заң жайлы бастамалары мен тергеулері өкілдер палатасында мақұлданғанымен, Сенаттан өтпей қалуы мүмкін. Кейбір сарапшылардың пікірінше, осылайша Құрама Штаттардың саяси билігінде бірлік болмайын деп тұр. Айта кетсек, Конгресстің жаңа құрамының бірінші мәжілісі келер жылы қаңтардың 3-де өтеді.  

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу