Көктайғақ кесірінен жолдар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көктайғақ кесірінен жолдар жабылды

17.11.2022

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты түнде Абай облысындағы жолдарда шектеулер қойылды. Қатты боран салдарынан Алматы-Өскемен тас жолында, сондай-ақ Аягөз бен Қалбатау аралығында жүк көліктер мен тіркемесі бар көліктердің жүруіне тиым салынды.

Көк тайғақ пен бораннан бірнеше көлік апаты тіркелді. Жарақат алып ауруханаға жеткізілгендер бар. Ал еліміздің оңтүстігінде Алматы-Ташкент-Термез, сондай-ақ Жамбыл облысының Түркістанмен шектесетін аумағында ауа-райының қолайсыздығына байланысты жүк көліктеріне қойылған шектеулер бүгін таңертең алынып тасталды.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу