Курорттық инфрақұрылым ғылыми негіздерге сүйеніп дамуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Курорттық инфрақұрылым ғылыми негіздерге сүйеніп дамуы керек

16.11.2022

Елімізде курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты құрылмақ. Бұл туралы шипажайларды дамыту мәселелерін талқылауға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтылды. Мамандар курорттық және медициналық оңалту турасындағы мәселелердің оңтайлы шешілуінде жұмыс жүйелі әрі ортақ болуы керегін айтты.

Қазір елімізде ересектер мен балаларға арналған 170-тей шипажай бар. Олардың жартысынан көбінде қызметі жоғары деңгейде болса, қалғандарында материалдық-техникалық база мардымсыз.

Саягүл Қайыргелдинова, Республикалық «Бурабай» оңалту орталығының директоры:

Шипажайлар енді өздерінің кадрлық жұмысын, сервистік жұмысын барлығын жақсы реттеп қойса, халықаралық туристер келсе, біздің мемлекетіміз медициналық туризм арқылы жақсы болады деп ойлаймын.

Ерболат Дәленов, академик:

Олардың бәрі біріктіріліп, бір салада жұмыс істейтін болады. Бір салада істер жасап және ғылыми негіздемелер беріліп, біздің келешек шипажайлардың мазмұндылығы арта түседі.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу