Аргентинада инфляция деңгейі 6,3 пайызға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинада инфляция деңгейі 6,3 пайызға жетті

16.11.2022

Аргентинада қазан айында инфляция деңгейі 6,3 пайызға жетті. Бұл - мемлекеттік статистика агенттігінің мәліметі.

Биылғы он айда баға 76,6 пайызға өскен. Болжамға сәйкес, жыл соңына қарай инфляция 100 пайызға жетуі мүмкін. Оның әсерінен кейбір кәсіпкерлер шығынды азайту үшін компаниясын көршілес елдерге, әсіресе Бразилияға көшіруді жоспарлап отыр.

Қымбатшылық тұрғындардың наразылығын тудырып, үкімет өткен аптада тұтыну тауарларының бағасын өсірмейтінін жариялады. Аргентина Орталық банкі болса, инфляция төмендейді деген үмітпен әзірге қатаң шараларға бармай отыр.          

Хабарламаларға жазылу