Президент сайлауы: Шетелдік дипломаттарға сайлау процесі түсіндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент сайлауы: Шетелдік дипломаттарға сайлау процесі түсіндірілді

15.11.2022

Қазақстан тәуелсіздік алғалы алты рет Президент сайлауы өтті. Алдағы жексенбіде жетіншісі өтеді. Онда әртүрлі саяси көзқарасы бар алты кандидат додаға түседі. Бұл демократия дамуындағы тағы бір маңызды кезең. Бүгін Сыртқы істер министрлігінде шетелдік дипломаттарға сайлау процесі түсіндірілді. Әрі науқанға дайындық барысы баяндалды. Биылғы сайлаудың ерекшелігі көп. Қазақ тарихында алғаш рет екі әйел президенттікке үміткер. Әрі жақында қабылданған конституциялық түзетулер мен реформалардан кейін енді Президент Мемлекет басшысы болған кезде қандай да бір саяси партияның мүшесі бола алмайды. Тағы бір жаңашылдық бюллетендерьге «бәріне қарсымын» бағаны енгізіліп отыр. Ал ең бастысы бұдан былай біздің елде Президент мерзімі тек бір-ақ рет, яғни қайта сайлау құқығынсыз 7 жылмен шектеледі. Жалпы, сайлау науқаны заңға сәйкес ашық, жергілікті және халықаралық байқаушылардың көптеп қатысуымен өтеді.

Хорхе Урбиола Лопес Де Монтенегро, Қазақстандағы Испания елшісі:
Қазақстандағы сайлауға Испания елінен 2 бақылаушы болады. Мен осыған дейінгі сайлауларға да қатыстым. Жалпы, Президент мерзімінің 7 жылмен шектелуі өзіме ұнады. Бұл үлкен өзгерістердің, жетістіктердің бастауы деп білемін.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу