Жамбыл облысында заңсыз алтын өндірген цех табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында заңсыз алтын өндірген цех табылды

15.11.2022

Жамбыл облысында заңсыз алтын өндірген цех табылды. Жер астына жасырылған өндірісті полицейлер анықтады.

Тәртіп сақшылары аудан орталығындағы жеке тұрғын үйді тексеру барысында диірмен, кен қалдықтары мен сынапты сұйықтық және 2 үлкен қазандық пен 10 тоннаға жуық құрамында алтын бар кен тапқан. Сондай-ақ, цехта 30 және 58 жастағы екі жұмысшы болған. Іздестіру шаралары нәтижесінде жасырын цехтың қожайыны ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Бұл - Жамбыл облысында жыл басынан бері заңсыз алтын өндіру бойынша тіркелген екінші қылмыстық оқиға.


Хабарламаларға жазылу