Шахтадағы апат: Тергеу қорытындысы 23 қараша жарияланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахтадағы апат: Тергеу қорытындысы 23 қараша жарияланады

15.11.2022

«ArcelorMittal Теміртау» компаниясының Ленин шахтасында болған апатты тергеп-тексерудің нәтижесі 23 қарашада жарияланады. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді. Еске салайық 3 қараша күні көмір шахтасында апат болып, 5 адам көз жұмған еді.

Юрий Ильин, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі:
23 қарашада БАҚ өкілдерін Қарағандыға жинап тексерудің қорытындысын жариялаймыз. Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу