Астанада 59 жаңа сайлау учаскесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 59 жаңа сайлау учаскесі ашылды

15.11.2022

Астанада сайлаушылар санының көптігіне байланысты 59 жаңа сайлау учаскесі ашылды. Қазір барлық 407 сайлау учаскесі талапқа сай безендіріліп, саяси науқанға дайындалған.

Учаскелерге 768 мыңнан астам сайлаушы тұрғылықты жері бойынша тіркелді. Бұл жайында орталық сайлау комиссиясының көшпелі семинар-кеңесінде айтылды. Комиссия мүшелері семинарға қатысушыларға кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге дайындық барысын баяндады.

Олардың айтуынша, қазір халықаралық байқаушылар сайлау учаскелерін аралап жүр. Олардан әзірге ешқандай шағым түспеген.

Бақыт Бектемісова, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

Қазір тізіммен жұмыс жүргізіліп жатыр. Сайлаушылар тізімді нақтылап жатыр. Оның сыртында бірнеше сервистік қызмет көрсетіледі. Онлайн тәртібінде әр сайлаушы өзінің учаскесін іздеп тауып алуына болады.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу