Алаяқтарға банк картасын бергендер жауапкершілікке тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаяқтарға банк картасын бергендер жауапкершілікке тартылады

15.11.2022

Алаяқтарға картасын бергендер жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі өткізген арнайы брифингте айтылды.

Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы мамандарының айтуынша, мұндай адамдар сыбайлас ретінде қарастырылады. Себебі олар банк картасын, абонент нөмірін қолданысқа беру арқылы алаяқтық жолмен табылған ақшаны шығаруға көмектеседі.

Тіпті шотына келіп түскен қаражатты халықаралық төлем жүйелері немесе криптобиржа арқылы шетел асыруға көмектесетіндер бар.

Рүстем Дүйсетаев, ІІМ криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары:

Алматыда өткен жедел іс- шара нәтижесінде 2 қылмыстық топ ұсталды. Олардың құрамында Ресей, Беларусь, Қырғызстан азаматтары мен отандастарымыз бар. Қазақстандықтар банк картасын рәсімдейтін адамдарды табумен айналысқан. Осындай алаяқтар басқа да аймақтарда бар. Сондықтан азаматтарды күмәнді ұсыныстарға келіспеуге шақырамыз. Ел бойынша алаяқтарға көмектескендер ұсталып, тергеліп жатыр. Олар заң бойынша жазаланады.

Серік Селеубай


Хабарламаларға жазылу