Қазақстандықтардың 77,5 пайызы кезектен тыс президент сайлауына қатысуға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтардың 77,5 пайызы кезектен тыс президент сайлауына қатысуға дайын

14.11.2022

Қазақстандықтардың 77,5 пайызы кезектен тыс президент сайлауына қатысуға дайын. «Демократия институты» ғылыми-зерттеу бірлестігі мен «Damu Research Group» зерттеу тобы жүргізген сауалнама нәтижесі осындай. Қазанның 29-ы мен қарашаның 10-ы аралығында жүргізілген сауалнамаға 18 жастан асқан 8000 респондент қатысқан. Оның нәтижесі бойынша сұралғандардың 61,8 пайызы сайлауға міндетті түрде баратынын айтқан. 15,7 пайызы дауыс беруім ықтимал десе, 9,7 пайызы сайлауға бармайтындарын жеткізді. Ал 12,8 пайызы әлі нақты шешім қабылдамаған.  

Хабарламаларға жазылу