Мадридте 200 мыңдай адам үкіметтің денсаулық сақтау саласындағы саясатына қарсы шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мадридте 200 мыңдай адам үкіметтің денсаулық сақтау саласындағы саясатына қарсы шеруге шықты

14.11.2022

Испания астанасы Мадридте 200 мыңдай адам үкіметтің денсаулық сақтау саласындағы саясатына қарсы шеруге шықты. Бұл жүйедегі қатаң үнемдеу шарасы сапаның нашарлауына әкелген. Ресурс тапшылығы, дәрігерлердің, саланың басқа да мамандарының жетіспеуі айқын сезіліп отыр. Әсіресе алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметіне ауыр салмақ түсті. Ұйымдастырушылардың есебінше, шеруге 600 мыңдай адам қатысқан. Олардың арасында кәсіподақ өкілдері, дәрігерлер, саясаткерлер, Мадридтің өзге де жас және кәрі тұрғындары бар.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу