Ұлыбританияда мигранттардың рекордтық саны тіркеліп отыр. Ла-Манш бұғазы арқылы елге заңсыз барған шетелдіктердің саны жыл басынан бері 40 мыңға көбейген. Олардың арасында албандар, ирандықтар мен ауғандар бар. Заңсыз миграция мәселесін Ұлыбритания мен Франция бірлесе шешуге келісті. Екі ел бірыңғай бақылау орталығын құрмақ. Сонымен бірге Ла-Манш жағажайларында жұмыс істейтін француз офицерлерінің санын 200-ге жеткізу көзделген. Біріккен корольдік жағалау сызығында бақылауды күшейту үшін Францияға 91 млн еуро бөлмек.
Арай Төлегенқызы