Ақтауда сайлау учаскелерінің дайындығы тексерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда сайлау учаскелерінің дайындығы тексерілді

14.11.2022

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы өңірлердің сайлауға дайындық барысын тексерді. Нұрлан Әбдіров қазір Ақтауда жүр. Бірнеше сайлау учаскесін аралады. Жалпы, Маңғыстау өңірінде 240 сайлау учаскесі бар. Ұйымдастыру шараларына 1800-дей мүшесі бар 8 аумақтық комиссия жауапты. Облыста 411 мыңнан астам сайлаушы бар. Тұрғындар өзіне қажет ақпарды аудан-қала әкімдіктеріндегі Call-орталықтардан біле алады.

Елубай Әбілов, облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы:

Мүгедек адамдарға, облыста сондай 7900-дей адам бар. Оларға арнайы кабиналар, тағы басқа құралдармен жабдықтадық. Қазір сайлау учаскелері сайлаушылардың барлығына дауыс беретін күні мен орны туралы 9 қарашаға дейін хабардар етті. Шақыру қағаздарын таратты.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу