ULYS MEDIA ақпарат құралы жұма күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, «мемлекетке опасыздық жасау» бабымен қазір қамауда отырған Кәрім Мәсімовтың қос азаматтығы болғаны туралы хабар таратты. Әзірге ресми органдар бұған қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Фейсбук парақшасында: «К. Мәсімовтың «Венгрия азаматтығы болған» деседі. Бұл фактіні «Венгрия Премьер Министрі В. Орбант растаған» деген ақпарат бар. Жоғары лауазым иелері-министрлер, әкімдер, вице-министрлер, Құқық қорғау жүйесінің басшылығын «қос азаматтылық фактілері» бойынша тексеруден өткізу қажет. Елімізде, жалпы «қос азаматтылыққа» қатысты жаппай тексеру өткізу өте маңызды. Бұл жөнінде ресми орындарға сауал жолдайтын боламын».-деп жазды.
Ресми органдардың жауабын күтелік. Ал, бізде қос азаматтығы бола тұра мемлекеттік қызметте істегендердің өзіне 900 мың теңге ғана айыппұл салынады.