Қытайдың Шаньси провинциясында Қазақстанның туризм және мәдениет апталығы өткізілмек.
Шараның басты мақсаты - Ұлы жібек жолы бастау алатын провинция тұрғындарын еліміздің мәдениеті және көрікті жерлерімен таныстыру.
Шара биылғы жылдың сәуір айына жоспарланған.
Бір апта бойы Шаньси орталығы - Сиань қаласының тұрғындарына Қазақстан кеңінен таныстырылады.
Мамандардың айтуынша, 2017 жылы EXPO көрмесіне келетіндердің көпшілігі осы көрші мемлекеттен болмақ.
Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ