Бүгін Елордада «Арман асулары» атты ерекше қажеттіліктері бар балалардың фестивалі өтті.
Инклюзивті жобаға қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ден аса ерекше қажеттілігі бар жас өнерпаз келді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеткіншектердің өнерге деген құлшынысы ерекше. Үлкен сахнада ән айтып, күй шерткен балалар көрерменнің ықыласына бөленді. Ата-аналар осындай фестивальді жиірек өткізіп тұрғанын қалайтындарын жеткізді. Сондай-ақ, осы фестиваль аясында жас шеберлердің қолынан шыққан туындылары мен бұйымдары көрмеге қойылды.
Розахмет Уәлиев, әнші:
Менің әнге қызығушылығым хоббиге ұқсайды. Өзім ән айтып отырамын. Алты жастан бастап ән айтатынмын. Қазақстанның барлық жерінде ән шырқағым келеді.
Бақыт Нұрмұқанов, қала тұрғыны:
Мұндай балалардың бойында ерекше қасиеттер болады. Мүмкін ол жақсы IT маманы болып шығады, мүмкін олар мықты спортшы болар, мүмкін олар үздік шахматшы болатын шығар. Әр баланың өзінің маңдайына жазған таланты болады. Сондықтан мұндай балалар болашақта топ жарып шығады деген сенімім мол.