Теміржол билеттері бір жылда орта есеппен 19%-ға қымбаттаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміржол билеттері бір жылда орта есеппен 19%-ға қымбаттаған

11.11.2022

Ал пойызбен жүру қымбаттай түсті. Energyprom зерттеу орталығы ұсынған мәліметке сай теміржол билеттері бір жылда орта есеппен 19 процентке қымбаттаған. Пойыздардың плацкарт вагонына билет 20,6; купе билеті 17,8 процентке көтерілді. Сарапшылардың айтуынша бұған сұраныстың артуы себеп. Мәселен биыл теміржол көлігі 15 миллиондай жолаушыны тасымалдаған. Бұл былтырдың осы кезімен салыстырғанда 33 пайызға артық.  

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу