20 кәсіпкер қайтарымсыз грант ұтып алды. Оларға 2 мыңнан 4 мың АҚШ долларына дейін қаржы берілді.
Бүгін Астанада ауыл әйелдерінің дәстүрлі форумы өтті. Оған елдің түкпір-түкпірінен бизнеске бейім қыз-келіншектер жиналды. Шара аясында шағын бастамаларымен жеңімпаз атанғандар марапатталды. Бұл әлеуметтік жоба. 10 жыл ішінде 60 мың қыз-келіншекке қолдау көрсетті. Соның нәтижесінде елді мекендерде жұмыссыз жүрген көп әйел еңбекке тартылды.
Кәсіптен нәсіп тауып, шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал етіп отыр. Жалпы қазір 4 млн қыз-келіншек ауылдық жерлерде тұрады. Олардың жартысынан көбі әр салада еңбек етіп жүр. Ел экономикасының драйвері - агроөнеркәсіптік кешен. Осы салада кәсібін ашқан бұрымдылар көп. Сонымен қатар бүгінгі форумда жеңімпаздардың өнімдері қойылған шағын жәрмеңке қойылды.
Асхат Сүлейменов, жоба ұйымдастырушысы:
Халықтың 47 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Оны жартысы әйелдер. Статистикаға қарасақ, әйелдер еркектерден аз емес. Бірдей деңгейлері кәсіпкерлік ашқаны. Осы мәселелердің барлығын қамтитын үшін осындай алаң аштық.
Әсима Нұрбайқызы