Қатар астанасы Доха жағалауына футбол фанаттарына арналған круиздік отель-кеме аялдады. Ол әлемдегі ең ірі теңіз лайнерлерінің бірі саналады. Және де бұл су көлігі өзінің 22 палубасына 6700 жолаушыны қонақ етпек.
«Эм-эс-си-Еуропа» деп аталатын кемеде түнеу құны – 347 доллар. Ал осы бортта турнир аяқталғанша қалғысы келген жұп 85 мың доллар төлеуі керек.
Естеріңізге сала кетсек, Қатарда футболдан әлем чемпионаты 20 қарашада ашылып, желтоқанның 18-не дейін жалғасады. Ойындардың ел аумағындағы ресми хабар таратушысы – «Қазақстан»телерадиокорпорациясы. Қазақстандық жанкүйерлер Әлем біріншілігін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен және qazaqstan.tv, qazsporttv.kz ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн көре алады
Арыстан Рысбек