Жетісудағы «Партиялық емес бақылау орталығы» атынан сайлауға 836 байқаушы қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісудағы «Партиялық емес бақылау орталығы» атынан сайлауға 836 байқаушы қатысады

11.11.2022

«Партиялық емес бақылау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалы атынан алдағы Президент сайлауына 836 байқаушы қатысады.

«Сайлау туралы» Конституциялық заң аясында 20 тренинг ұйымдастырылып, оларға сайлаудың заңнамалық негіздері мен байқаушылардың мәртебесі жан-жақты түсіндірілді. Біздің байқаушыларымыз бұған дейін өткен ауыл әкімдерінің сайлауына және референдумға белсенді қатысып, барынша тәжирибе жинады. Сондықтан 20 қарашада белсенді қызмет ететін болады», - дейді «Партиялық емес бақылау орталығы» өкілдері.


Хабарламаларға жазылу