Жетісу облысында 100 келіден астам киік мүйізін сатпақ болғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында 100 келіден астам киік мүйізін сатпақ болғандар ұсталды

10.11.2022

Жетісу облысында 100 келіден астам киік мүйізін сатпақ болғандар ұсталды. Браконьерлер Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен облыстық полиция департаменті жүргізген операция кезінде қолға түсті.

Күдіктілердің көлігінен 1000-ға жуық киік мүйізі табылған. Ұсталған бес адам да Қазақстан Республикасының азаматы. Олар дериваттарды заңсыз шекара асырумен айналысты деген күдікке ілініп отыр.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу