Мемлекет басшысы елдің Бас прокурорын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы елдің Бас прокурорын қабылдады

10.11.2022

Мемлекет басшысы елдің Бас прокурорын қабылдады. Берік Асыловтың айтуынша, «Қаңтар оқиғасы» бойынша жүргізіліп жатқан тергеу амалдары мен оған қатысқандарға рақымшылық жасау мәселелері прокуратураның ерекше бақылауында. Қылмыстық салада 1,8 мыңнан аса тұлғаның конституциялық құқығы қорғалған.

866 үкім жойылып, өзгертілді. 183 сотталушының жағдайы жақсартылды, 20 адам ақталды. Бизнесті қорғау саласында 145 мың кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді. Сондай-ақ жер қойнауын пайдалану мен автомобиль жолдары салаларында жүйелі заң бұзу фактілері тіркелген.

Прокурорлардың актілеріне сәйкес, құны 43 миллиард теңге болатын заңсыз берілген және мақсатына пайдаланылмаған 7,3 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды.

Азамат Нұғыманов

Хабарламаларға жазылу