Әлем чемпионатын тікелей эфирде 14 комментатор жүргізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем чемпионатын тікелей эфирде 14 комментатор жүргізеді

10.11.2022

Қатарда басталатын футболдан Әлем чемпионатын қазақстандық 14 комментатор жүргізеді. Ойындардың ел аумағындағы ресми хабар таратушысы - «Қазақстан» телерадиокорпорациясы.

Әлем чемпионатының 64 матчы «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі. «Qazaqstan» телеарнасындағы ойындар тек қазақ тілінде жүргізіледі. Алғашқы ойын 20 қараша күні елорда уақытымен 22:00-де Катар – Эквадор командалары арасында өтеді.

Қазақстандық жанкүйерлер Әлем біріншілігін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен және qazaqstan.tv, qazsporttv.kz ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн көре алады.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу