«АрселорМиттал Теміртау» жаңғырту жұмысына жылына 187 млрд теңге бөледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«АрселорМиттал Теміртау» жаңғырту жұмысына жылына 187 млрд теңге бөледі

10.11.2022

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы енді жыл сайын шахтаны жаңғырту үшін жылына 150 млрд теңге, ал қауіпті газдан тазартуға 37 млрд теңге бөледі. Ірі кәсіпорынға алғаш рет осындай талап міндеттелді.

Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді. Өйткені кеніште апат көп. Адам өлімі жиіледі. Жақында ғана Ленин шахтасында 5 шахтер қаза тапты. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін талап күшейді.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Бұл компания үшін көмір өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа алғаш рет жыл сайын кемінде 150 млрд теңге көлеміндегі инвестицияны көмір өндірісін жаңғыртуға салу қажеттігі туралы қосымша талап жаздық. Сонымен қатар көмір қатпарларын газдандыру үшін 7 млрд теңге салады. Бұрын мұндай болған емес. Жер қойнауын пайдалануға өзге де міндеттемелер қойылып отыр.

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу