Фрилансерлерге көбірек ақша төленбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фрилансерлерге көбірек ақша төленбек

09.11.2022

Елімізде жұмыс берушілер фрилансерлерге көбірек ақша төлеуге міндеттелмек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазір осындай құжат әзірлеп жатыр. Өйткені көптеген компания артық шығын шығарғысы келмей, қызметкерлерді келісім-шарт бойынша жалдап, жұмысқа алады. Сөйтіп зейнетақы жарнасына, табыс салығына жұмысшы жалақысының 22 пайызын ғана аударады. Жаңа құжат бойынша міндетті төлемдерге аударылатын қаржыны 34 процентке жеткізу көзделген.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу