Келесі жылы Ақмола облысына әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 8 миллиардтан астам қаржы бөлінбек. Бұл туралы аймаққа жұмыс сапарымен келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты. Министр көпбалалы аналармен, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен, жас кәсіпкерлермен кездесті. Көпшілікті жаңа әлеуметтік кодекстегі өзгерістермен таныстырып, тың жобалармен бөлісті. Ақмола облысында биыл 11 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша 366 тұрғын грант алып, кәсіпкер атанды, Олардың 205-і жастар.
Динара Ақылбекова, жеке кәсіпкер:
«Бастау бизнес» жобасы бойынша біз 1 айлық оқу оқып, грант иегері атандық. Екінші жыл өз кәсібімді, ісімді жүргізіп жатырмын. Бізге осы мемлекеттік жобалар тиімді, жағымды әсер етеді. Себебі біз мемлекеттік қолдау арқылы біздің көптеген кәсіпкерлеріміз, Зеренді ауданының кәсіпкерлері өз ісін ашты.
Ермек Елберген