Мемлекет басшысы Маңғыстау өңіріне сапарында экологиялық мәселелерді шешуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Маңғыстау өңіріне сапарында экологиялық мәселелерді шешуді тапсырды

09.11.2022

Мемлекет басшысы Маңғыстау өңіріне сапарында экологиялық мәселелерді шешуді тапсырды. Олар – Каспий теңізін зерттейтін институт құру, Қошқар ата қалдықтар қоймасын залалсыздандыруды одан әрі жалғастыру. Шетпе ауылындағы карьерлердің мәселесін шешіп, ескі зауыттардың орнында тұрған радиациялық қалдықтарды жоюды міндеттеді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев аймақта жем-шөп қорын молайтып, өзге өңірлерден мал азығын тасымалдауға жеңілдетілген тарифтер енгізуді тапсырды.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу