Павлодарда көпқабатты 25 тұрғын үйдің заңсыз салынып жатқаны анықталды. Олар мемлекеттік бағдарлама бойынша емес, коммерциялық мақсаттағы жеке кәсіпкерлердің иелігіндегі нысандар. Яғни, жеке тұрғын үй салушылар шаһардың бас жоспарында белгіленбеген аумақтарда баспана сатуды кәсіп қылмақ болған. Алайда бұл тұрғындар мен қоғамдық ұйымдардың назарына ілікті. Тексере келе көбінің құрылыс жүргізуге рұқсат беретін құжаттары жоқ екені анықталды. Тіпті, кәріз немесе су құбырларының үстінен іргетасын қалап, қабырғасын көтере салған. Осындай үш үй сот шешімі бойынша сүрілетін болды.
Нұргүл Қайырденова, «Әділдік жолы» РҚҚ ПОФ директоры:
Бүгінгі күні облыс орталығында 25 көпқабатты үй заңсыз салынуда. Бұл біздің қаламыздың бас жоспарына қарама-қайшы келіп отыр. Тығыздық коэфиценті, инфрақұрылымы, магистралі бәрі-бәрі дұрыс реттелмеген. Ертең бір өрт болса, тағы басқа жағдайлар болса, бұл үйлерге мысалы өрт сөндірушілер кіре алмайды.
Болат Аманбаев