Петропавл жылу электр орталығында жарақат алған 21 жастағы жұмысшы қайтыс болды.
Адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Марқұм аталған кәсіпорында жөндеу жүргізіп жатқан мердігер компанияда жұмыс істеген. Оның Қызылорда облысының тумасы екені анықталды. Солтүстік Қазақстанға еңбек ету үшін келген. Жыл басынан бері жылу орталығында екі адам қайтыс болды.
Всеволод Сысолятин, серіктестік директоры:
Бригада түтін соратын цехтің шатырын ауыстырған болатын. Бірақ марқұм жұмыс алаңында емес, қазандықтың газ құбырларының жанында жүрген. Сол кезде үйіліп тұрған металл конструкция жылжып кетіп, оның үстіне құлаған. Жұмысшының отбасына материалдық көмек көрсетілді.
Эльмира Қаленова