Дүниежүзілік банк Украинадағы кедейлік деңгейі он есе артқанын мәлімдейді. Жыл соңына дейін халықтың төрттен бірінің әлеуметтік жағдайы тіптен төмендеуі мүмкін.
Аида Әбіл, тілші:
Экономика министрлігі елдегі инфляция көлемі желтоқсан айына дейін жиырма бестен отыз пайызға дейін шарықтайды деп хабарлайды. Алайда тәуелсіз сарапшылар бұл көрсеткіш 45, тіпті 50 пайызға дейін көтерілуі мүмкін деп болжайды. Ал елдегі жұмыссыздық деңгейі бүгінде қырық пайызға жуықтады. Украинада ай сайын бюджет тапшылығы сегіз млрд евроны құрайды. Қаражаттың мол бөлігі қорғаныс саласына құйылып жатыр. Сондықтан Дүниежүзілік банк соғыстың салдарынан Украинадағы кедейлік деңгейі он есе артқанын мәлімдейді. Ел президенті Зеленский халықаралық донор мемлекеттерден Украинаның бюджет тапшылығын жабу үшін шамамен 55 млдр АҚШ доллары қажет екенін айтып, көмек сұрады. Оның ішінде 17 миллиарды қыс алдында қираған мектеп, тұрғын үй мен энергетикалық нысандарды қалпына келтіруге жұмсалмақ.