Президент сайлауына қатысуға халық белсенділік танытып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент сайлауына қатысуға халық белсенділік танытып отыр

08.11.2022

Алматылықтар алдағы саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасаймыз деп, белсенділік танытып отыр. Халық сайлауға барып, дауыс беруді - азаматтық парыз деп санайды.

- Қазір өзгеріп жатырмыз ғой, Қазақстан. Енді сайлауға былай да былай бару керек қой. Сенген адамыма барып, дауыс беруім керек. Сол кісіге үміттеніп отырмын.
- Білмеймін, әлі шешкен жоқпын, бірақ, баратын сияқтымын. Бару керек қой, ел тағдыры ғой. Бару керек.
- Өзім саяси белсенділік танытып, ел болашағы үшін дауыс беруге, әрине 20-ы күні барамын.
- Бару керек, бірақ, білмеймін, уақыт болса, барамыз.
- Енді Қазақстанда тұрғаннан кейін бару керек деп ойлаймын. Барамын!


Хабарламаларға жазылу