«Адал сайлау үшін» штабының мүшелері ақтөбеліктермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Адал сайлау үшін» штабының мүшелері ақтөбеліктермен кездесті

08.11.2022

Сайлау процесіне қатысушыларға құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. «Адал сайлау үшін» штабының мүшелері ақтөбеліктермен кездесті.

Жиынға Құдайберген Жұбанов атындағы университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен студенттер қатысты. Белгілі заңгерлер Конституция реформалары және сайлау жүйесі жөнінде айтып берді. Көпшілік бұл саяси науқанның маңызды екенін, сондықтан болашақ үшін өз таңдауларын жасайтындарын жеткізді.

Бағила Тілеулесова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушысы:

Жалпы осы іс-шараға магистранттар, оқытушылар құрамы да қатысып отыр. «Адал сайлау үшін» штабының басты мақсаты - әділ сайлау, ең алдымен заңда берілген барлық нормалар, қағидалар дәл орындалуы керек. Бізде сайлау жүйесі бойынша атаулы шаралар университет деңгейінде өтіп отырады.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу