Жамбыл облысында вирустық инфекция жұқтырғандар саны 3 есеге артқан. «Оның басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар».- дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ресми статистикаға сүйенсек, 1 қазаннан бері өңірде 6700-ден астам адам тұмау, пневмония және әртүрлі вирустық инфекция жұқтырған. Бұл өткен эпид-маусыммен салыстырғанда 3-4 есеге көп.
Мәселен былтыр осы кезеңде небәрі 2000-ға тарта тұрғын жұқпалы аурумен тіркелген. Мамандар инфекциялардың тез таралуын еліміздегі туристер мен мигранттар саны артқандығымен байланыстырады.
Сонымен қатар былтырғыдай коронавирустық шектеу шараларының болмауы да әсер етеді деп отыр. Сондықтан тұмау мен инфекцияларға қарсы екпе алу қажет екенін атап өтті.
Нұрдос Болатұлы