Алматыда Төле би көшесінің бойындағы әкімшілік ғимараттан өрт шығып 35 адам эвакуацияланды. Өрт сөндіру қызметінің ақпаратынша, олардың 20-ы тұтынушы, яғни сол ғимараттағы мейрамханада отырған адамдар. Ал 15-і қызмет көрсетушілер. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнына үш минутта жеткен екі бригада жалынды дереу ауыздықтап, жапсарлас орналасқан мейрамханаға төнген қаупті сейілтті. Зардап шеккендер жоқ.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда 35 адам өрттен құтқарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/166529/)