Қатар астанасы Дохада футболдан Әлем чемпионаты алдында Ислам өнері мұражайы жұртшылық үшін есігін қайта ашты. Ғимарат 18 ай бойы жөндеуден өткен. Музейдің 18 залында әлемнің түкпір-түкпірінен жеткен мыңдаған өнер туындысы қойылған.
Келушілердің назарына ағаш бұйымдарының топтамасы, керамика, зергерлік, тоқыма, шыны бұйымдары ұсынылған. Бұл экспонаттардың үштен екісі - жаңа. Олар мұражайға жөндеу жұмыстарынан кейін қойылды.
Айта кететін жайт - Әлем біріншілігін тамашалауға Қатарға 1 млн 200 мыңдай футбол жанкүйері барады деп күтіліп отыр.
Арай Төлеген