Косово сербтері мемлекеттік қызметтен жаппай кете бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Косово сербтері мемлекеттік қызметтен жаппай кете бастады

07.11.2022

Косово сербтері мемлекеттік қызметтен жаппай кете бастады. Соңғы мәліметке қарағанда, олар үкіметтік органдарда, полицияда, сотта жұмыстан босату туралы арыз жазған. Осылайша сербтер көліктерге тек косоволық нөмірлер тағылсын деген жаңа ережеге наразылық білдіріп жатыр.

Митровица қаласында өткен митингке этникалық азшылықтың саяси лидерлері де қатысты. Акция барысында Сербияның туы көтеріліп, патритоттық әндер шырқалды. Және де кейбір демонстранттар негізінен албандар мекендейтін елдің басшыларынан сербтерге кеңірек автономия беруді талап еткен.

Айта кетсек, Косовоның қолдаушылары – АҚШ пен Еуропа одағы премьер-министр Албин Куртиден нөмір туралы заңды орындау мерзімін он айға шегеруге шақырған. Алайда үкімет жетекшісі бұл ұсынысты қабылдаудан бас тартқан.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу