Рақымшылық заңы бойынша алғашқы екі азаматтың ісі тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рақымшылық заңы бойынша алғашқы екі азаматтың ісі тоқтатылды

07.11.2022

Таразда рақымшылық заңы бойынша алғашқы екі азаматтың ісі тоқтатылды. Олар қаңтар оқиғасы кезінде әлеуметтік желіде жұртты жаппай тәртіпсіздікке шақырды деп айыпталған. Судья Ербол Дүйсенбаевтың айтуынша, 26 және 29 жастағы қос азамат қылмыстық жауапкершіктен босатылып, оларға қатысты іс «Рақымшылық заңы» негізінде тоқтатылған. Екеуі де кінәсын толығымен мойындап, шын жүректен өкінетінін білдірген. Айта кетейік, Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздікке қатысты деп айыпталған 110 тұлғаға рақымшылық жасалмақ. Прокуратура өкілдерінің мәліметінше, олардың кейбірі бостандыққа шықса, енді бірінің ісі қысқарып жазалары жеңілдей түспек.  

Нұрдос Болатұлы

Хабарламаларға жазылу