Украинаның барлық он алты өңірінде электр энергиясы тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаның барлық он алты өңірінде электр энергиясы тапшы

07.11.2022

Украинаның барлық он алты өңірінде электр энергиясы тапшы. Қуат көзін үнемдеу үшін жарықты сөндіруден басқа амал қалмаған. Салдарынан елде жол апаты күрт көбейген.

Аида Әбіл, тілші:

Жарық қана емес ауыз су және телефон әрі интернет желілері әлсіз. Киевтің өзінде жарықты үш мәрте, төрт сағаттан өшірілетін болды. Мақсат - қуат желісіне түсетін жүктемені азайтып, электр тұтынуды Киевте 250 МВт-қа дейін төмендету. Алайда мұндай үнем - шаһардағы көлік жүргізушілеріне үлкен ауыртпашылық тудырып отыр, өйткені түн мезгілінде жарықтың жоқтығынан апат соңғы екі аптада 25% артқан. Қалалық патрульдік полицияның мәліметі бойынша 10-23 қазан аралығында 51 жаяу жүргінші қайтыс болған. 38 адамның ажалы - түн мен мезгілінде тіркелген. Жарығы жоқ қап-қараңғы қалада қара киінген жаяу жүргіншіні жүргізушілер небәрі 10-18 метрден бірақ көреді. Сондықтан полиция тұрғындарды кешкі мезгілде ашық түсті не жарық беретін элементтері бар киім киюге шақырады. Мұндайда жүргізуші жаяу жүргіншіні 130 метрден көру мүмкіндігі артпақ. Украина билігінің мәліметі бойынша зымырандық атқылаудың салдарынан елдегі энергетикалық инфрақұрылымның қырық процентке жуығы қатты зақымданған. Оларды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанмен, елдің барлық облысында жарықты өшіру жиіледі. Киевтің өзінде үш күн бұрын бір миллионға жуық тұрғын жарықсыз қалды.



Хабарламаларға жазылу