Қазақ халқының ауыр қасіретін бейнелейтін бұл туынды Анкарада алғаш рет қойылып отыр.
Фильмді тамашалауға Түрік елінің белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері және сол жақта білім алып жүрген қазақ жастары қатысты.
Қалила Омаров Түркияға өзінің 3 туындысын әкелді. Стамбулдықтарға арнап, «Барып қайт балам, ауылға», Конья қаласы үшін «Алашорда» фильмдерін қойса, Анкара қаласында «Нәубет» туындысын көрсетті.
Бақытжан ОМАР